"Ұлыңның әулет болуын тіле": Меруерт Түсіпбаеваға продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келінге қатысты кеңес берді
- авторОймақ
- 20 маусым, 2024
- 777
Дастархан басында қос өнерпаз тұрмыстағы тақырыптарды талқылады.
“Гүлзира әпкенің келінінің қолынан тәтті шай ішіп, ақылын тыңдап, мотивация алып келдім. Келін мен ене тақырыбын талдап отырмыз. Келінмен тұрғым келмейтінін көп оқырман біледі. Мен жалғыз емеспін! Міндетті түрде тұрмысқа шықтым деп жар салудың керегі не?! Жеке бастың шаруасы жеке, құпия болып қалуы керек. Келінмен тұрмаймын дегенім – келінмен араласпаймын деген сөз емес. Өзімнің келінімді қалай жақсы көрмеймін?! Баламды шын сүйсе болды. Менде басқа талап жоқ”, – деп айтты өнер иесі.
Әншіні қонақ етіп отырған өнер иесі құдайдан көбірек тілек тілеп, келінмен тұрудың артықшылығын айтып берді.
“Мен Меруертке айтып жатырмын, құдайдан олай тілемеші, негізі ешқандай кедергі қоюға болмайды, тілегенде аз тілек тілеме. Өйткені құдай "тіле, сұрасаң, беремін" деген бар. Адам тілек тілегенде міндетті түрде бірінші "біліп-білмей жасаған күнәларымды кешіре гөр" деп бастау керек. Одан кейін "келінді адалынан бер" деп тілеген дұрыс. Қазақта "құда мың жылдық", Алланың берген құдасы болғандықтан, құданың мың жылдық болуын тілеген дұрыс. Одан кейін бала-шағаң, келінің мен ұлыңмен ешқашан ажырамай, отбасының беріктігін, үлкен әулет болып отыруын тілеу керек. Бұйыртса, Меруерт мен сияқты келіннің қолынан шай ішсін", – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, "Келінімнің 5-6 бала туғанын қалаймын" деп Меруерт Түсіпбаева ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірген еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.