жұма, 22 қараша, 2024 9:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Хайп жасаймын деп, дауға ілікті": желі қолданушылары бишілерді аяусыз сынап жатыр

"Хайп жасаймын деп, дауға ілікті": желі қолданушылары бишілерді аяусыз сынап жатыр
фото: скрин
Желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарады

Желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарады. Видеоға түсініктемені идея авторы беріп, халыққа басу айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

“Біздің билеген биіміздің видеосын көрген жұрт маған шабуылдап, неше түрлі хейт жазып жатыр. Мен өзім қазақпын. Ата-анам да – қазақ. Алматы қаласында туып-өстім. Кәсіби бимен айналысамын. Бұл туындыны да шығармашылық деп түсініңіздер! Қарапайым адамдар мен шығармашылықпен айналысатындардың арасы жер мен көктей. Олар біздің ойлау жүйемізді түсінбейді. Сосын жаман сөздер жазып, балағаттайды. Шығармашылық адамдар басқа көзқараста өмір сүреді. Менің ойым салт-дәстүрімізді қорлау емес, оның таным-түсінігін кеңейту. Басқа арам ой болған жоқ”, – деді Әлішер Сұлтанбекұлы. 

Алайда желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бишілерді аяусыз сынап жатыр. 

“Ұлттық дәстүрімізді қор қылды-ау”, “Енді жетпегені осы еді”, “Феминизмді насихаттап тұр”, “Шығармашылығы шектен шықты”, “Арзан хайп жасап, қарғысқа ұшырадың”, “Қазақтың киіз үйі мен киімін қорлады”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар