жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Комаға түскен сарбаз: министрлік мәлімдеме жасады

Комаға түскен сарбаз: министрлік мәлімдеме жасады
фото Қорғаныс министрлігі
Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында сарбаз комаға түсуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2024 жылғы 9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылды. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын. Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады", - деп хабарлады министрлік.

Ведомство мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері болмағанын атап өту керек. Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар