сенбі, 7 желтоқсан, 2024 7:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады
Фото: Parniplus.com
Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

Тағы бір петиция E-Petition.kz порталында 50 мың қол жинады. Мұны мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. 

Сайтта жарияланған "Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз" петициясына 50 мың қол жиналды. Енді бұл өтініш үкіметте қаралады.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады.Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады.  Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады", – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді.  Алайда мәдениет вице-министрі БАҚ-та ЛГБТ туралы жазғаны үшін жаза тағайындау туралы ереже заң жобасынан алынып тасталғанын мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар