2024 жылдың мамыр айындағы статистикаға сүйенсек, Қазақстанда алимент төлеушілердің қарызы 20 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 300 мыңнан астам бала заңды түрде алимент алмай, қажетті қаржылық қолдаудан айырылғанын білдіреді.
Елдегі ер адамдардың 43%-дан астамы балаларына төленетін алимент мөлшерін азайту үшін табыстарын төмен етіп көрсетеді. 221 мың қазақстандық балаларының алдындағы міндеттерін мүлде орындамайтыны - алаңдатарлық мәселе.
Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі алимент төлемейтіндерге жауап ретінде Балаларды қорғау күніне арнап, көрме ұйымдастырды. Ол жерде мәселенің ауқымын көрсететін нақты статистика ұсынылды.
Ілияс Исаев, Жаңа адамдар: «Қазақстанда жүздеген мың әкелер «нағыз еркек» болу дегеннің не екенін мүлдем ұмытты. Олар өздеріне ер тұлғалылық иллюзиясын жасап, айналасын алдайды және маскулин бейнесін мақтан тұтады. Солай бола тұра, өз балаларына әдейі алимент төлемейді. Бұл тек жалғызбасты аналар мен олардың балаларының мәселесі емес. Бұл – әр қазақстандықтың мәселесі. Өйткені, балалар - ел болашағы. Олардың құқықтары мен мүдделерін бірге қорғайық».
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.