Мәжіліс депутаттары есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелерін талқылады
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті.

