Александр Бублик әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық спортшылардың орындары анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-ден 10-сатыға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады.


