Ақтөбелік дәрігер жол апатынан қаза тапты
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігер-оториноларингологы Назгүл Кантүренова жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Ал марқұм жұмыс істеген аурухана болса, дәрігерді қимастықпен еске алып, жақындарына сабыр тілеген.
Оқи отырыңыз: Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
Осы жазбаның астына пікір жазып, көңіл айтқан жерлестері Назгүл Кантүренова мезгілсіз өмірден озған күні оның жалғыз ұлы да өмірмен қош айтысқанын айтқан.
Айта кетерлігі, бұндай пікір өте көп жазылған. Бұдан басқа бірқатар БАҚ марқұмның жалғыз ұлы анасы қаза тапқан күні өз-өзіне қол салды деген ақпарат таратты. Бірақ облыстың полиция департаменті бізге бұл ақпаратқа қатысты комментарий берген жоқ.