Қоғам

Сенсіз төртінші қараша…: өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары әсерлі жазба жариялады

Ол күйеуінен айырылғанына төрт жыл өтсе де, сағынышы басылмағанын жеткізді.

Астанада өрт кезінде адамдарды құтқарамын деп қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел Забикулина марқұм күйеуін еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол күйеуінен айырылғанына төрт жыл өтсе де, сағынышы басылмағанын жеткізді. Әнел Забикулина кейде жолдасы есіктен кіріп келетіндей сезінетінін, әсіресе қыздарының әкесіз өсіп келе жатқаны жанына бататынын жазған.