Жоғалған әйел табылды
Айнагүл байланысқа шықты
Оралда 26 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы Айнагүл есімді келіншек табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда 3 баланың анасы Айнагүл жоғалған кезде оның күйеуі бір апта оны іздемеген. Қорға оның достары мен әріптестері хабарласып, көмек сұраған