Мемлекет басшысы Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.
Құттықтауда Президент Сауытбек Абдрахмановтың отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мемлекет басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ та жемісті ғұмыр тіледі.