сейсенбі, 27 қазан, 2026 13:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада 400 мың тоннадан астам күріш жиналды

Қызылордада 400 мың тоннадан астам күріш жиналды
Фото: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Қызылорда облысында су тапшылығына қарамастан биыл 400 мың тоннадан астам күріш жиналды.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, диқандар биыл 194 мың гектарға жуық жерге егін екті, деп хабарлады Қазақпарат.

- Суды үнемдеу мақсатында биыл күріш көлемі 10 мың 900 гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Облыста су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 2 есе артып, 14 мың 200 гектарға жетті. Келесі жылы 19 мың гектарға дейін ұлғаяды. Президент тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын мемлекеттік қолдауға биыл 10 млрд теңге қаржы бөлінді, - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы мамандары күріштің орнына басқа дақылды егуді емес, күрішпен бірге суға тиімді, экономикалық қайтарымы жоғары дақылдар өндірісін қолға алып отыр.

- Осыған дейін жүгері 1,5 мың гектар көлемінде ғана егілсе, биыл оның көлемі 11 мың гектарға дейін жетті. Өнімділігі жоғары жүгері дақылының егіс көлемін ұлғайту мақсатында арнайы жол картасы бекітілді. Осыған сәйкес келер жылы жүгері егісін 28 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған, - деп хабарлады әкімдік.

Бұған дейін біз қызылордалық диқандар ерте егілген 11 мың 500 тонна дәнді дақылды жинап болғанын жаздық.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар