Қоғам

Қалың қар, боран және үсік: 23 қазанда ауа райы қандай болады?

23 қазанда Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады.

Шығыста боран соғып, бірқатар өңірде көктайғақ болады. Ал оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы төмендеп, 1-6 градус үсік жүреді. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің шығыс бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, күн райы құбылмалы болады. Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Жетісу облысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігі мен шығысында, Алматы және Түркістан облыстарының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 1-6 градус үсік болжанған.