Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмыссыздық төлемінің мерзімі қысқарады
- авторОймақ
- Бүгін, 15:43
- 82
Өзгеріс Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты тағайындалатын төлемге қатысты. Оны алу мерзімі азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай белгіленеді.
Министрлік мәліметінше, төлемнің ең жоғары мөлшеріне де шектеу енгізіледі. Ол ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызынан аспайды.
Әр азаматқа берілетін сома жеке есептеледі. Есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жасалған табыс көлемі мен сақтандыру жүйесіне қатысу мерзімі ескеріледі.
Жұмысынан айырылған азаматтар мемлекеттік қолдау алу үшін алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі қажет. Өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, eGov.kz порталы немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы беруге болады. Тіркелу кезінде білімі, кәсіби дағдылары, еңбек өтілі және іздеп жүрген жұмысы туралы мәлімет көрсетіледі.
Лайықты жұмыс табылмаған жағдайда талаптарға сай келетін азамат жұмыссыз ретінде тіркеледі. Осыдан кейін оның әлеуметтік төлем мен басқа да қолдау шараларын алу құқығы анықталады.
Ақшалай төлемнен бөлек, жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу жөнінде кеңес беріледі. Сондай-ақ кәсіптік оқытуға, біліктілігін арттыруға, жастар практикасына және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жолдама берілуі мүмкін.
Бұған қоса кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жұмыс күші қажет өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару шаралары қарастырылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






