дүйсенбі, 19 қазан, 2026 17:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда 700-ге жуық студент шәкіртақысын уақытында ала алмаған

Алматыда 700-ге жуық студент шәкіртақысын уақытында ала алмаған
Magnific.com
Жалпы берешек шамамен 50 млн теңге болған

Алматы қаласының прокуратурасы Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенттеріне мемлекеттік стипендия мен жол шығынын өтеу қаражаты уақытында төленбегенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Қадағалау органының жүргізген тексеруі нәтижесінде оқу орнында қаржылық заңбұзушылықтар бары белгілі болды.

«Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенттеріне мемлекеттік шәкіртақы мен жол жүру шығындарының өтемақысы уақытында төленбеген. Жалпы берешек шамамен 50 млн теңге болған», – делінген қадағалау ведомствосының хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін колледж әкімшілігі қалыптасқан берешекті толықтай өтеді. Нәтижесінде құқықтары бұзылған 676 студентке тиесілі барлық қаражат толық көлемде төленді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар