бейсенбі, 15 қазан, 2026 11:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда тапанша мен оқ-дәрі арқалаған әйел ұсталды

Алматыда тапанша мен оқ-дәрі арқалаған әйел ұсталды
Фото: видеодан скрин
Алматыда әйелдің сөмкесінен тапанша мен бес патрон табылып, қару тәркіленді.

Алматы полициясы әйелді кешкі сағат 17:00 шамасында қаланың Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылы бойында ұстаған. Операцияны есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген.

Ұсталған әйелдің сөмкесінен калибрі 9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон табылған. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

“Тапаншаны бір-екі сағат бұрын тауып алдым. Қару Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінде жатқан”, – дейді әйел.

Полиция бұл нұсқаны әлі тексеруі керек. Қызметкерлер қарудың қайдан шыққанын және қандай жағдайда табылғанын анықтайды. Ұсталған әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Одан бөлек, Алматыдағы "Алатау" метро станциясында оқ-дәрісі бар жолаушы ұсталды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларды көлік қауіпсіздігі қызметінің мамандары рентген жабдығымен жүргізген.

Жолаушылардың бірінің сөмкесінен калибрі 5,45 мм болатын екі патрон табылып, тәркіленді. Ер адам ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқ-дәрілердің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар