сәрсенбі, 14 қазан, 2026 18:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген

Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген
Фото: Pixabay
Қоғамдық көлік тізгінінде отырған жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғаны медициналық куәландыру кезінде расталды. Полицейлер оны жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатқан.

Қарағандыда полицейлер № 29 бағыт бойынша қатынайтын Dong Feng автобусының 41 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Ол Назарбаев даңғылындағы бағдаршаммен реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысы ережесін бұзып, жаяу жүргіншіге жол бермеген.

Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Медициналық куәландыру оның көлікті мас күйде басқарғанын растады.

Полицейлердің анықтауынша, жүргізуші бұған дейін соңғы аялдамада жолаушыларды түсіріп үлгерген. Алайда содан кейін де автобуспен бағыт бойымен жүруін жалғастырған.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлікті алкогольдік масаң күйде басқару жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына қатысатын өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар