Бұрынғы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
- авторОймақ
- Бүгін, 14:06
- 26
Ақорда Тоқаевтың жарлықтарымен бірқатар елшілер тағайындалды.
Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Сонымен қатар бұрынғы Сыртқы істер министрлігі Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Ермек Көшербаев еңбек жолын Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінде жұмыс істеп, Президент әкімшілігі мен Премьер-министр аппаратында қызмет атқарған. Кейін "ҚазТрансОйл", "ҚазМұнайГаз" компанияларында, "Атамекен" одағында және KazEnergy қауымдастығында жұмыс істеген.
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды. Одан соң Сыртқы істер министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарды.
2020 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі, 2025 жылы Премьер-министрдің орынбасары болды. Сол жылдың қыркүйегінде Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






