Саясат

Тоқаев Ақордада бельгиялықтар королі мен патшайымын қарсы алды

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті.

 

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өткен.

Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындаған.