Қайрат Нұртастың концертінде бойжеткенді таптап кеткен
Әнші Шымкентте концерт өткізді.
Шымкентте қазанның 10-күні Қайрат Нұртастың концерті өтті. Қаланың орталық стадионында ұйымдастырылған ән кешіне келген көрерменде есеп болған жоқ. Өкініштісі сол, тыңдармандар жеке концертке кіремін деп өлім аузынан қалды. Treads әлеуметтік желісінде жазба қалдырған авторлар бойжеткеннің есінен танып құлағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртастың ән кешіне барамын деп жараланған бойжеткеннің жағдайы ауыр дейді қаланың денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілдері.
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне барамын деп жараланған жалғыз бойжеткен емес сыңайлы. Себебі әлеуметтік желіде аяғы майып болған бірнеше тұрғын ұцымдастырушыларға шағымын айтып, фото жариялаған екен.