жексенбі, 11 қазан, 2026 11:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қайрат Нұртастың концертінде бойжеткенді таптап кеткен

Қайрат Нұртастың концертінде бойжеткенді таптап кеткен
әлеуметтік желіден
Әнші Шымкентте концерт өткізді.

Шымкентте қазанның 10-күні Қайрат Нұртастың концерті өтті. Қаланың орталық стадионында ұйымдастырылған ән кешіне келген көрерменде есеп болған жоқ. Өкініштісі сол, тыңдармандар жеке концертке кіремін деп өлім аузынан қалды. Treads әлеуметтік желісінде жазба қалдырған авторлар бойжеткеннің есінен танып құлағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

“Шымкенттің түк көрмеген жабайылары! Адамды жерге құлатып, өлім аузында жатқанша таптайтын қандай надандарсыңдар?! Сіңлімді өлгенше тепкендерің не сұмдық?! Өліпсіңдер Қайрат деп! Организация оңбағандар! Сіңлім 6 сағаттан бері реанимацияда, өмір мен өлімнің арасында жатыр! Қазір бізге өте қиын. Дұғаларыңызда болыңыздаршы, өтінемін! Сіңлімнің аман қалуы үшін дұға етіңіздерші!” – дейді жазба авторларының бірі. 

Қайрат Нұртастың ән кешіне барамын деп жараланған бойжеткеннің жағдайы ауыр дейді қаланың денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілдері. 

“2026 жылғы 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт барысында жарақат алған 18 жастағы қыз жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жағдайы медицина мамандарының тұрақты бақылауында” – дейді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі. 

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне барамын деп жараланған жалғыз бойжеткен емес сыңайлы. Себебі әлеуметтік желіде аяғы майып болған бірнеше тұрғын ұцымдастырушыларға  шағымын айтып, фото жариялаған екен.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар