Жүрсін Ерманға жерлестері көлік тарту етті
Бұл құрмет қазақтың айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан ақынның мерейтойына орай көрсетілді.
Ұлытау облысында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай оған су жаңа автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мерейтой иесіне сыйлықты жерлестері мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан табыстады. Бұл құрмет қазақтың айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан ақынның мерейтойына орай көрсетілді.
Айта кетейік, Ұлытау облысында XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Жүрсін Ерманның 75 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.
Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысып, ұлттық сөз өнерінде өзара бақ сынауда. Жүрсін Ерман – Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері.