Әлеумет

Мешітте ұстаз шәкірттерін ұрған: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Бұған әлеуметтік желіде оқытушының шәкірттеріне соққы жасап жатқаны бейнеленген видеоның таралуы себеп болған.

Алматы облысында Қаскелең қаласындағы мешіт аумағында жасөспірімдерге қол көтеру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, бұған әлеуметтік желіде оқытушының шәкірттеріне соққы жасап жатқаны бейнеленген видеоның таралуы себеп болған. Тексеру жұмыстары аталған оқиғаның 2 маусым күні болғанын көрсетті.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, бейнежазбадағы ер адам – Дүйсенхан Нұрберді мешіттегі оқытушы қызметінен босатылды. Ал зардап шеккен жасөспірімдердің ата-аналары полицияға ешқандай шағымы мен талабы жоқ екені туралы жазбаша арыз тапсырған.