Қоғам

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Полиция мәліметінше, оған қызметке салғырт қарау бабы бойынша күдік келітірілген.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков Каспий теңізінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына қатысты қылмыстық іс аясында қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оған қызметке салғырт қарау бабы бойынша күдік келітірілген. Бастапқыда уақытша ұстау изоляторына қамалған Ниязбековке қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек күні әскери оқу-жаттығу кезінде болған еді. Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні ағыс алып кеткен. Олардың үшеуі аман қалып, 14 сарбаз қаза тапты.

Оқиғадан кейін қолбасшылықтың әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын. Бұған дейін аталған іс бойынша бес лауазымды тұлға қамауға алынған еді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.