сейсенбі, 6 қазан, 2026 11:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Отандастар қорының президенті тағайындалды

Отандастар қорының президенті тағайындалды
Фото: «Отандастар қоры» КеАҚ
Дәуренбек Ырысқали Рақымұлы «Отандастар қоры» КеАҚ президенті болып тағайындалды.

Дәуренбек Ырысқали 1963 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының референті лауазымынан бастаған.

Әр жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Германия мен Швейцариядағы шетелдік мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулы лауазымын атқарған.

2021-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті болып тағайындалғанға дейін, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Шапағат» және «ҚР сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Неміс тілін меңгерген.

Айта кетейік, бұған дейін «Отандастар қоры» КеАҚ президенті қызметін Абзал Сапарбекұлы атқарған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар