Жамбыл облысында жанжалдан соң оқушы көз жұмған
Қайғылы оқиға Байзақ ауылында болған.
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды өңірлік білім басқармасы.
Жамбыл облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Байзақ ауылында болған.
Оқиғадан кейін екінші кәмелетке толмаған баланың ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгені атап өтілді.