дүйсенбі, 5 қазан, 2026 22:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда ойын-сауық орталығында екі әйелдің жанжалы төбелеске ұласқан

Алматыда  ойын-сауық орталығында екі әйелдің жанжалы төбелеске ұласқан
instagram.com/almaty.police
Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде екі әйел арасында басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Түрксіб ауданындағы көңіл көтеру орындарының бірінде түнгі уақытта болған. Алдымен екі әйел сөзге келіп, кейін төбелеске өзге келушілер де араласқан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жанжалды тоқтатты.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жанжалды тоқтатты. Барлық қатысушы мән-жайды анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушылар алкогольдік мас күйде болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесі анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар