Қоғам

Аман қалған сарбаз: Ақжол әскери қызметін аяқтап, отбасына оралды

Бұл туралы журналист әрі блогер Азамат Сәрсенбаев жазды.

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі Ақжол Темірхан 3 қазанда Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріндегі мерзімді әскери қызметін аяқтап, дәл осы күнді асыға күтіп отырған отбасына оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист әрі блогер Азамат Сәрсенбаев жазды. Оның айтуынша, Ақжол үшін әскерден оралатын бұл күн өзге сарбаздардікіндей қуанышпен өткен жоқ.

Оның сөзінше, алдағы уақытта Ақжол ата-анасымен бірге қаза тапқан қаруластарының отбасыларына барып, жақындарына көңіл айтуды жоспарлап отыр.