жұма, 2 қазан, 2026 10:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Sadraddin-нің концертіне екі күнде 70 мың көрермен жиналды

Sadraddin-нің концертіне екі күнде 70 мың көрермен жиналды
Фото: Kaspi.kz
Көпшіліктің сүйікті әншісі Sadraddin Алматыда екі күн қатарынан концерт беріп, Орталық стадионға 70 мың көрермен жинады. Ауқымды шоуға билеттер санаулы күнде сатылып кеткен. Әсем әуен, ерекше хореография, заманауи жарық пен арнайы эффектілер үйлескен музыкалық кеш Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтті.

Көрерменнің концертті асыға күткені шоу басталмай тұрып-ақ байқалды. Басталуға үш сағат қалғанда отбасыларымен,  жастар құрбыларымен, сүйіктілерімен стадионға жиналды. Көпшілігі сүйікті әншілерінің аты жазылған плакаттар мен гүл шоқтарын ала келген.

Sadraddin-нің бренд-менеджері Азамат Демегеннің айтуынша, концерт рекорд орнатты деуге болады. Оның сөзінше, бұған дейін ешкім Орталық стадионда екі күн қатарынан концерт беріп, көрерменге толтырмаған.

"Ерекше шоуды ұйымдастыруға екі мыңға жуық маман жұмылдырылды. Сахнамыз да ерекше – көлемі 40 метрден асады. Билеттер жеті-ақ күнде сатылып кетті", – дейді Азамат Демеген.

Концертке әнші екі жыл дайындалған. Шоу барысында жанкүйерлеріне 32 ән ұсынды. Ал көпшіліккке сүйікті "Күз", "Ана", "Ант" әндеріне стадиондағы көрермен ғана емес, бүкіл Алматы қосылып кеткендей әсер қалдырды. Әнші кейбір туындыларын ливандық әнші Maher Zain, украиналық орындаушы Adro, қырғызстандық рэпер Bakr және қазақстандық жастардың сүйіктісі Ayau-мен бірге шырқады.

Көрермендер бұл кешті тамаша көңіл күй сыйлаған шоу ғана емес, қазақстандық мәдениет пен креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеретін жобалардың бірі ретінде бағалады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар