жұма, 2 қазан, 2026 10:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Яcмина Тоқсанбаева бастаған Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары елге оралды

Яcмина Тоқсанбаева бастаған Азия ойындарының жүлдегерлері мен  қатысушылары елге оралды
Арасында жүлдегерлер де бар.

Бүгін Алматы халықаралық әуежайында Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтаған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын қарсы алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық құрамамен бірге Алматыға Азия ойындарының алматылық жүлдегерлері де оралды. Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аянат Жұмағали және спорттық жүрістен жартылай марафонда Кристина Морозова күміс медаль жеңіп алды. Ал кураштан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділет Ахметғали қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, Алматыға спорттық жүрістен марафонда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен алматылық спортшы Ясмина Тоқсанбаева оралды.

Олармен бірге Қазақстанның жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының өкілдері, соның ішінде Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Кристина Овчинникова мен Нора Джеруто Тануи да келді.

Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды. Азия ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлерін қарсы алуға Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы, спорт қауымдастығының өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылардың туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ көптеген жанкүйер жиналды. Көпшілік спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, жүлдегерлерді жеңіп алған медальдарымен құттықтады.

Айта кетейік, Жапонияда XX жазғы Азия ойындары әлі жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының бірқатар спортшысы жарысын жалғастырып отыр. Алдағы күндері жүлде үшін сынға түседі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар