Спорт

Ажар Асхат Қазақстан қоржынына дзюдодан Азиаданың төртінші медалін салды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан кезекті медаль түсті. Ажар Асхат күміс медаль иегері атанды.

Отандасымыз Ажар Асхат 70 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Рин Маэдамен кім мықтыны анықтады. Шиеленісті белдесуде Ажар қарсыласына есе жіберді.

21 жастағы қазақ дзюдошысы бүгін Нагоядағы татамиде Таиланд, Тайпей және Моңғолия спортшысын ұтты.