Спорт

Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды

Отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Алда әлі Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.