сейсенбі, 29 қыркүйек, 2026 23:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Deutsche Bahn компаниялар тобы басшыларымен кездесті

Президент Deutsche Bahn компаниялар тобы басшыларымен кездесті
Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Deutsche Bahn компаниясының отандық теміржол секторын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Осы орайда DB Engineering & Consulting еншілес кәсіпорны мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту бағытындағы бірлескен жобасын айрықша атап өтті.

Президент Қазақстан өндірушілерін германиялық концерннің жеткізу тізбегімен ұштастырудың, соның ішінде тиісті сертификаттаудан өтудің маңызына назар аударды.

Өз кезегінде Deutsche Bahn компаниясының сатып алу жөніндегі директоры Ян Гроте концерннің Қазақстандағы жұмысы оң бағаланғанына ризашылық білдіріп, ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесуге DB Cargo Eurasia GmbH жетекшісі Андреас Любс қатысты.

Бүгінде Қазақстан мен DB Cargo Eurasia контейнермен жүк тасымалдау саласын дамыту бойынша әріптестік орнатты. Қазір Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне айрықша көңіл бөліп отыр.

Тараптар көлік-логистика кешенінің барлық бағыты бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар