сейсенбі, 29 қыркүйек, 2026 12:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сәрсемәлиев жазасын "Қара Бүркітте" емес, Жезқазғанда өтейтін болды

Сәрсемәлиев жазасын "Қара Бүркітте" емес, Жезқазғанда өтейтін болды
ғаламтор
3 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Атырау облысында төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев 19 қыркүйекте абақтыға жеткізілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, дәл қазір Жезқазған қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан №62 абақты өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды ұстауға бейімделіп, қайта жабдықталып жатыр. Бұл мекеме Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайды.

Бұған дейін мекеме аралас қауіпсіздік мекемесі мәртебесінде болған. Алайда 2026 жылы оның бағыты өзгертілетіні белгілі болды. ҚАЖ департаментінде мұны өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандарға қосымша орындар ашу қажеттілігімен түсіндірді.

Осы мақсатта колонияда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен бөлмелер қайта жабдықтала бастады. Белгілі бір мерзімге сотталған адамдарды басқа мекемелерге біртіндеп ауыстыру жоспарланған. Осылайша өмір бойына сотталғандар үшін орын босатылмақ.

Сәрсемалиевке қатысты үкім 14 шілдеде шығарылған. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгіледі. Ол үкімге апелляциялық шағым түсірмеген, сондықтан 3 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар