жексенбі, 27 қыркүйек, 2026 17:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазғы Азиада: Қазақстан семсерлесуден алтын медаль жеңіп алды

Жазғы Азиада: Қазақстан семсерлесуден алтын медаль жеңіп алды
ҰОК
Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл алтын – соңғы жылдары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандық семсерлесу мектебінің кезекті маңызды жетістігі.

Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар