Саясат

Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына 3 қыркүйекте тағайындалған болатын.