Спорт

Жазғы Азиада: Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Ол ширек финалға өтті.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен кездесті.

Үш раундтың нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) келесі кезеңге өтсе, Виктория Графеева (60 келіге дейін) жарысты аяқтаған еді.