Батыс Қазақстан облысында студент әкесін сотқа берді
Жас жігіт колледждің күндізгі бөлімінде оқиды.
БҚО Қазталов аудандық соты колледж студентінің оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы әкесіне берген талап арызын қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жас жігіт колледждің күндізгі бөлімінде оқиды. Ол оқуын аяқтағанға дейін әкесінен алимент тағайындауды сұраған.
Іс қаралғанға дейін татуластырушы судья татуластыру рәсімін өткізді. Нәтижесінде әкесі мен баласы өзара келісімге келді.
Әкесі 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 2027 жылдың 25 маусымына дейін ұлына ай сайын 40 мың теңгеден төлеуге міндеттенді.
Келісім жасалғаннан кейін студент талап арызынан бас тартып, сот істі тоқтатты.