Риддерде үш жетім бала үй алу кезегінен заңсыз шығарылған
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.
Риддер қаласының прокуратурасымен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуына жүргізген талдаутұрғын үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарғанын анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.
Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды.
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда