Саясат

Сыр өңірінде дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай экологиялық акция өтті

Оған 548 техника жұмылдырылды.

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті.
Оған Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары,ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент және инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, эко белсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.

Шара барысында Құрылтай депутаты Ирина Тен экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.Айта кетейік, облыс бойынша ұйымдастырылған шараларға  12000-ға жуық адам қатысып, 1750-ге жуық тал егілді. Жыл басынан тазалық шараларына  328 800 ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының, кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.8741 тонна қоқыс қалдығы шығарылып, елді  мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік, 1897 өнеркәсіп және бизнес нысаны,  көшелердің бойы тазартылды. Оған 548 техника жұмылдырылды.