Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Республика күні Қазақстанда 25 қазанда атап өтіледі.
Қазақстандықтар қазан айында Республика күніне байланысты қосымша демалыс алады. Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 2026 жылы мереке жексенбіге түсіп отыр. Қолданыстағы тәртіп бойынша мереке күні демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Қанша күн демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда, яғни үш күн қатарынан демалады. Олар жұмысқа 27 қазан, сейсенбі күні шығады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 24 қазан, сенбі – жұмыс күні. Демалыс 25 және 26 қазанға түседі.
Осылайша, қазан айындағы демалыс кестесі:
бес күндік жұмыс аптасында: 24-26 қазан – демалыс, 27 қазан – жұмыс күні;
алты күндік жұмыс аптасында: 24 қазан – жұмыс күні, 25–26 қазан – демалыс.
Қазанда неше жұмыс күні бар?
2026 жылғы қазанда бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады.
Республика күні Қазақстанда 25 қазанда атап өтіледі. Мереке елдің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен байланысты.