Астанада бес қабатты үйден өрт шықты
Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті.
Қазір елордадағы өрт сөндірушілер салынып жатқан нысандағы өртті сөндіріп жатыр.
Есіл ауданындағы Ақмешіт көшесінде салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағында өрт шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті.
Өрт жоғары ранг бойынша сөндіріліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 14 техника жұмылдырылды.