Қоғам

Жамбыл облысында полицей көлік жүргізушісін пышақтаған

Ол қамауға алынды.

Жамбыл облысында полицей қамауға алынды.  Ол жол бойындағы жанжал кезінде жүргізушіні пышақтаған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта болған қанды оқиғадан кейін жергілікті полиция бөлімінің басшылық құрамы жұмыстан қуылды.

Тергеу мәліметінше, Шу қаласы көшелерінің бірінде көлік жүргізушілері арасында жанжал болған. Өзара келіспеген екі жақ жаға жыртысып, суық қару қолданған. Қылмысқа барған Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері екен.

Ал пышақ тиген азамат дәрігерлер қараған соң үйіне жіберіліпті.