Спорт

Ұлттық құраманың мемлекеттік рәміз бейнеленген формасы еркін сатылымға шықпайды

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік рәміздер бейнеленген ресми спорттық экипировкасы еркін сатылымға шығарылмайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен жылы министрлік алғаш рет ұлттық құрама спортшыларын Under Armour брендінің бірыңғай жазғы және қысқы экипировка жиынтықтарымен қамтамасыз еткен. Аталған киімдер Қазақстан ұлттық құрамаларының мүшелеріне жеке беріледі.

Қазір түрлі интернет-платформаларда ұлттық құраманың ресми экипировкасына сырттай ұқсайтын өнімдер сатылып жатқаны анықталған.