Алматыда тауда туристер жоғалып кеткен
Олардың барлығына медициналық көмек қажет болмаған.
Алматы қаласының құтқарушылары тауда жоғалып кеткен туристерді іздеуге шықты. Туристердің туыстары олардың байланысқа шықпай қалғанын айтып, шағым түсірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Іздеу барысында құтқарушылар шатырда болған бес жас адамды тапты. Олардың барлығына медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарушылар жастарды Алмарасан шатқалының кіреберісіндегі автотұраққа дейін алып барды. Ол жерде олардың көлігі тұрған.