сейсенбі, 8 қыркүйек, 2026 9:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Нұржанды аяғынан тұрғызу үшін бар күшін салып жатыр": Мәжілістің бұрынғы депутаты жол көлік апатынан зардап шеккен Нұржанның оянғанын жазды

"Нұржанды аяғынан тұрғызу үшін бар күшін салып жатыр": Мәжілістің бұрынғы депутаты жол көлік апатынан зардап шеккен Нұржанның оянғанын жазды
parlam.kz
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Нұржігіт 24 күннен кейін комадан шықты. Бұл туралы экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Есін жиған азамат жақындарын, атап айтқанда анасын, жұбайы мен балаларын және туған-туыстарын тани бастаған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Науқастың денсаулығын анестезиолог және реаниматолог дәрігерлер жіті бақылауда ұстауда, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да қажетті қолдау көрсетілуде.

«Дәрігерлер Нұржігітті аяғына тұрғызу үшін бар күшін салуда. Бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпаратты бұрмаламай, шынайылыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратпауды сұраймын», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар