дүйсенбі, 7 қыркүйек, 2026 15:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде жас ақындар байқауы өтті

Ақтөбеде жас ақындар байқауы өтті
Байқау екі кезеңнен тұрды.

Ақтөбеде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай жас ақындардың республикалық «Жыр жауһары» поэзиялық сайысы өтті. Байқауды Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Сайысқа 10 жас жазба ақын қатысып, тіл, Ақтөбе қаласы және еркін тақырыпта өлең оқыды. Жыр додасына Ақтөбеден бөлек Орал, Алматы және Қызылорда қалаларынан да жас ақындар келген.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы «Жыр жауһары» кезеңінде қатысушылар тіл немесе Ақтөбе қаласына арналған бір өлең және еркін тақырыптағы бір шығармасын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен алты ақын келесі кезеңге өтті.

«Көңіл дәптері» деп аталған екінші кезеңде ақындар жеребе арқылы жұптасып, еркін тақырыпта екі өлеңнен оқып, өзара бақ сынады.

Байқау қорытындысында алматылық Піржан Сандыбай бірінші орын алды. Екінші орын ақтөбелік Нұрсерік Тәуекелов пен қызылордалық Бексұлтан Санақұлға бұйырды. Үшінші орынды Орал қаласынан келген Дәурен Шамұратов иеленді.

Ақтөбелік Жанерке Жанкеева арнайы жүлдемен марапатталды. Барлық қатысушыға алғыс хат пен қаржылай сыйақы табысталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар