жексенбі, 6 қыркүйек, 2026 15:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көшпенділер ойыны: Қазақстан көкпардан финалда есе жіберді

Көшпенділер ойыны: Қазақстан көкпардан финалда есе жіберді
Фото: Байбөрі Құдайберген
Финалдық кездесу 7:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар жарысы аяқталды. Қазақстан құрамасы финалда алаң иелеріне жол беріп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды OImaqnews.kz Arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші бәсекеде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары үшінші рет қатарынан кездесті. Бұған дейінгі екі финалда қазақстандық көкпаршылар жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Алайда бұл жолы Қырғызстан құрамасы есе қайтарды. Финалдық кездесу 7:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы чемпиондық атағын қорғап қала алмады.

Көкпардан қола жүлдені Ресей құрамасы иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ресейлік спортшылар Өзбекстанды 5:4 есебімен жеңді.

Бұған дейін Көшпенділер ойындарында көк бөрү жарысы да мәресіне жеткен болатын. Онда да Қырғызстан құрамасы чемпион атанып, финалда Қазақстанды жеңді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар