6 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:21
- 77
6 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Кей өңірлерде найзағай ойнап, жел күшейсе, енді бірінде тұман, шаңды дауыл мен үсік күтіледі.
Атырау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Оралда да жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда да өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы аудандарда түнде 1 градус үсік жүреді. Өскеменде де тұман түседі.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Мұндай қауіп Жезқазғанда да бар.
Қостанай облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және тұман түседі. Облыста төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Түркия: ғылыми ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілмек
- авторОймақ
- 4 қыркүйек, 2026






