сенбі, 5 қыркүйек, 2026 10:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет: кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбырп жауады

Қазгидромет: кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбырп жауады
istockphoto.com
Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамынша, кең ауқымды антициклон еліміздің басым бөлігіне әсер етеді. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады. Шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі, – делінген «Қазгидромет» болжамында.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады. Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар